ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ: ҚОСЫМША 2 САНАТ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 12 Январь 2024 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 464 раз

Биылдан бастап қалада тұрғын үй сертификатын алушылар қатарына 2 санат қосылды. Атап айтқанда, олар – І, ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

ui

 

Бұған дейін тұрғын үй сертификаттарын алушылар қатарында 4 санат, яғни мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының қызметшілері қарастырылған болатын. Енді жаңа шешім аясында бұдан бөлек жоғарыда аталған 2 санат әлеуметтік көмекке қол жеткізе алады.
Бұл жеңілдікке азаматтар мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алған соң, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 миллион теңгені құрайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.