Алтын құрсақты аналар ардақталды Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 303 раз

Жыл сайын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында алтын құрсақты аналарымызды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапаттау дәстүрге айналып келеді. Мереке қарсаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек аудандағы көпбалалы 9 анаға «Алтын алқа», 32 анаға «Күміс алқа» табыстады.

Aalka

 

– Аяулы аналарымызды көктемнің мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ана – аяулы да ардақты тұлға. Талай-талай жақсы мен жайсаңды дүниеге әкелген аналарымыз әлемнің бар жақсысына лайықты. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын, – деді аудан әкімі Д.Күздікбайұлы.
Еңбекші ауданында 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 627-сі «Алтын алқа», 1907-сі – «Күміс алқа» иегері.
–Мерекеде көпбалалы аналарды құрметтеп, марапаттап жатқан аудан әкіміне алғысымыз шексіз. Алтын құрсақты аналарымыз көбейе берсін! Саналы да салиқалы, елдің болашағы үшін қызмет ететін ұрпағымыз өсіп-өне берсін, – деп Еңбекші аудандық әжелер кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана Әнипа Ысқақова ыстық лебізін білдірді.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.