82 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Избранное

Пятница, 15 Март 2024 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 239 раз

Тұран ауданына қарасты 82 көшеге биыл жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы баспасөз брифингінде Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков мәлімдеді.

TuranAk

 

—Ауданға қарасты елдімекендерде 45,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Жаңаталап шағынауданында 17 көше, Қазығұрт шағынауданында 5 көше, сол сияқты түйткілді Самал, 112 сынды шағынаудандарда тозығы жеткен көшелер ретке келтірілетін болады. Нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2 пайыздан 88,3 пайызға жетпек. Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2026 жылы 100 пайызға жеткізілуі тиіс. Елді мекендердің 85,7 пайызы табиғи газбен, 95,2 пайызы электр қуатымен қамтылған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға дейін аудандағы барлық елді мекен табиғи газға қосылуы тиіс, – деді аудан әкімі.
Аудан аумағындағы шағынаудандар мен елді мекендердің 57,1 пайызы кәріз жүйесіне қосылған. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Тұран ауданы бойынша 28 балалар ойын алаңшасы мен 6 кешенді алаңша орнату жоспарланған. Сонымен қатар, аудандағы 597 көшенің 254-і жарықтандырылған. Биыл 21 шағынауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 бағана орнатылып, жарық жүргізілмек.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.