Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген бизнес-процесстерін дамыту миссиясы жүктелген.
– Әкімдік жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Қала әкімі төрағалық ететін комиссияға аумақтық органдардың бірінші басшылары мүше ретінде енгізілген. Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді, үздіксіз әрі профилактика субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Осы комиссияға қала әкімі ерекше назар аударған және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді тиімді іске асыруға барлық күш-жігерді жұмылдыруда, – деді Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев.
Аппарат басшысының орынбасары №4 үлгілік базалық бағыт бойынша тәуекелдерді жою мәселесіне қатысты тың ақпараттармен бөлісті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды сақтау саласындағы сарапшы, «Digital Compliance» ЖШС Іскерлік этика және комплаенс қауымдастығының сарапшысы
Адибай Айпара ISO 37001 стандарты және комплаенс жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы баяндама жасады. Сарапшы семинар қатысушыларына қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру жолдарын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Зайдуллаұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіші мен бастапқы критерийлерді белгілеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Өзипа АЛТАЕВА