ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА Избранное

Среда, 27 Март 2024 05:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 141 раз

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ хабарлады.

мұнай

 

Жоспарлы алдын алу жұмысы ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталған. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.