Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Жиынға келген қонақтар жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтануға, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеуге шақырып, кереғар діни ағымдар және шетелде діни білім алудың қауіпті тұстары жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог жан-жақты жауап берді.