ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ Избранное

Пятница, 29 Март 2024 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 348 раз

Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан 28 наурызда қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты.

SuAlu

 

Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « МЕЙІРІМДІЛІК – ЖАН ШУАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС »