Жайнай бер, Шымқала!

Понедельник, 03 Октябрь 2016 12:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 7562 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. Оңтүстік Қазақстанға жасаған сапарында Елбасы Шымкент қаласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, бұл жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп келеді. «Шымкент – сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы – Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген Елбасының сөзі бар. 

Иә, Шымкент қаласының тұр­ғын­­дары да шаһардың гүлденіп, көр­кейіп келе жатқанын байқауда. Бү­гінгі Шымкент – мемлекетіміздің өнді­рістік қарқындылығын арттыруда айрықша үлес қосатындықтан экономикалық даму саласында маңыз­ды рөл атқарып отырғаны сөзсіз. Шымкентті көркейген, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған қалаға айналдыру мақсат болғанымен, ол өзіндік тарихы мен мәдениеті қалыптасқан шаһар ретінде де әрі қарай да дами түсуі қажет. Бұл орайда көше мәдениетін қалыптастыру, яғни жүріп-тұрудан бастап, қоқысты кез келген жерге тастай салмау, көгалды баспау, саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау, көшені ластамау секілді тұрмыста ұсақ-түйек деп қарағанмен, үлкен мәдениеттілікті қажет ететін шаруаларға мән берілуде. Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі бойынша жаза тағайындау, айыппұл салу мәселесі қазір қарқынды жүруде. Дегенмен, қала тұрғындары арасында әлі де болса мәдениетсіз қылықтарға бару көрініс табуда. Алдағы уақытта қаланың көптеген қоғамдық-көпшілік орындарына жасырын бейнекамералар орнату әрі қарай да жалғастырылмақ. Іске қосылған камераларға түсіп жатқан тұрғындарға тиісті заң талаптары бойынша айыппұлдар салынбақ.
Шырайлы Шымкент барша қала тұрғындарының мақтанышы. Әрине, қаланың келбеті, көркі, жан-жақты дамуы барша қазақстандықтардың да мақтанышына айналуы қажет. Бұл өңір шуақты күнімен, халқының жомарт­ты­ғымен, меймандостығымен, салт-дәстүрге беріктігімен, ең бастысы – еңбек­сүйгіштігімен ерекшеленеді» деген ой-пікірімен өз мақаламызды аяқтауды жөн көрдік. Жаса, жайна, шырайлы Шымкент!

 

 Г.С. АБДИРОВА,
 Ич 167/ 4 мекемесінің Қаржымен  қамтамасыз ету  бөлімінің бастығы. 

Последнее изменение Среда, 05 Октябрь 2016 06:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.