Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 15-16 қазанда Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.
Онда Астана тұрғындары Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандатылған бағада сатып ала алады. Сондай-ақ, ОҚО күні аясында түрлі сипаттағы көрмелер ұйымдастырылып, Астананың орталық алаңы шымкенттік өнерпаздардың орындауындағы ән мен жыр кешін тамашалайды.
Бағдарлама аясында 15 қазан күні сағат 18:00-де Астана қаласы «Жастар» сарайында «Оңтүстік жайдарманшылары» жайдарман ойынын өткізеді. Оған «Сырдария», «Байдың балалары», «13-ші аймақ», «Шымкент жастар құрамасы», «Азия International», «Түркістан құрамасы», «Аманат» және «Парасат» сынды командалар қатысады.