«Ескі қалашық» жаңарады Избранное

Пятница, 10 Март 2017 03:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6676 раз

Шымкент қаласының Бас жоспарына сəйкес, «Ескі қалашық» аумағын абаттандыру және қайта қалпына келтіру жұмыстары басталуда. Бұл туралы қала əкімі «Ескі қалашық» аумағында орналасқан кəсіп иелерімен кездесу барысында айтты.

shim5

Айта кетерлігі, бұл аумақта, тарихи деректерге сәйкес, ХIII ғасырда салынған цитадель бар.

Бүгінгі таңда жалпы алаңы 6,7 га жер учаскесінің ішіндегі 103 учаске кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылуда. Бұған дейін құрылыс иелері әкімдіктен бірнеше рет ескерту алған. 

– Көшуге дайындалыңыздар. Бұл мемлекеттік маңызы бар тарихи жер. Сауда қатарларының иелерін түсінемін, бірақ, шұғыл шаралардың уақыты келді. «Ескі қалашық» аумағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жақында басталады, – деп қала әкімі үндеу жасады.

Мемлекет мұқтажына алынған жерлердің иелеріне өтем-ақы немесе «Ордабасы» секілді индустриялық аймақтарда жаңа сауда орындары ұсынылады. Мұнда кәсібін жалғастырғысы келген кәсіпкерлер үшін жаңадан инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, кеңсе ғимараттары, қойма, темір жол тұйығы секілді аса қажет нысандар салынып қойған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.