Шымкентте 15 тұрғын алабы жаңа жүйеге қосылады Избранное

Среда, 19 Сентябрь 2018 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2946 раз

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісе отырып, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 7 жыл мерзім бекітілген еді. Оған сәйкес, ұзындығы 4 156 шақырымдық 0,4-110 кВ электр тарату желілерін,  70 дана 35-110 кВ шағын станцияны, 774 дана 10/0,4 кВ ТП, КТП-ны  қайта жарақтау енгізілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша 8996 тұрғын үйі бар 15 тұрғын алапты қамтитын жаңа жүйенің құрылысы қоса енгізілген. Бұған қажетті қаралған қаржы көлемі – 3,3 млрд теңге.

IMG 5949

Бағдарламаға сәйкес, бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылды. 2011-2018 жылдар аралығында ұзындығы 4685,3 шақырымдық кернеуі 110-0,4 кВ электр тарату желілері, 72 шағын станция, 782 КТП қайта жаңғыртудан өтті. Оған қоса, құстан қорғайтын құралдар орнатылды. Ескі ағаш бағаналар жаңа темір бетонды бағаналарға ауыстырылды. Автоматика және релелік қорғаныс құралдары жаңғыртудан өтті. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған ескі трансформаторлар жаңартылып, олардың қуаттылығы арттырылды.
2014-2015 жылдар аралығында ПС 110/10-10 кВ «Северная» және ПС 110/10-10 кВ «Нұрсәт» жабық типтегі заманауи шағын станциялар салынып, пайдалануға берілді. Олардың әрқайсының қуаттылығы 80 000 кВА құрайды.
Бұл нысандар «Нұрсәт» шағын ауданындағы жаңа құрылысты және әкімшілік-іскерлік орталығын қуатпен қамтуға арналған.
Халық санының қарқынды өсуі, жаңа шағын аудандар мен онда әлеуметтік маңызды (мектеп, аурухана, емхана, бала-бақша) нысандардың салынуына байланысты Қара жол-1,2, Жайлау, Тараз шағын аудандары мен Қызылсу, Артель (Исфиджаб), К.Маркс тұрғын алаптары және Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ е\м қамтитын 10-0,4 кВ жаңа электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді.
Қазір «Забадамская» шағын станциясы 60 000 тұрғыны бар жеке тұрғын үй секторын, 245 шағын және орта кәсіп нысандарын, сауда-логистикалық орталығын, қоқыс өңдейтін зауыт, әскери бөлім, газ насосты станциясы сияқты әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық нысандарды тұрақты түрде электр қуатымен қамтып отыр.
Атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде тұтынушыларды электр қуатымен қамтудағы сенімділік жоғарылады, жеткізілетін электр қуатының сапасы артты, авариялық жағдайлар төмендеп, құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігі күшейтілді.
Энергетика нысандарының жаңадан салынуы, ал қолданыстағы нысандардың жаңғыртылуы мен қайта жарақталуы жолындағы барлық жұмыстар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тұтынушыларын сапалы электр қуатымен қамтуға бағытталған.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС негізінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласына электр энергиясын өткізіп-тарату қызметімен айналысады. Компанияға тиесілі желінің ұзындығы 23 335 шақырым. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағын қоса алғанда тұтынушылардың жалпы саны 594 125 абонент. Барлық абоненттер 100% есептегіш құралмен қамтылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.