Елорда мен елбасы – егіз ұғым Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2629 раз

«Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің үндеуі

Құрметті азаматтық қоғам мүшелері!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Азаматтық қоғам, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар демократияның ажырамас бөлігі» деп айтып өткен болатын. Азаматтық қоғамның дамуы қандай мемлекетте болмасын маңызды. Тұңғыш Президентіміз осы бағытта үлкен еңбек сіңірді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 30 жылдың ішінде бүкіл әлем мойындаған, экономикасы тұрақты, алпауыт елдердің өздері санасатын, саяси әлеуеті зор, қуатты мемлекет құрды. Елбасы Қазақстанды саяси тұрақты, бүкіл әлем таныған және құрметтейтін, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан озық мемлекетке айналдыра білді. Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азияның көшбасшысына айналды. Тұңғыш Президенттің ерен еңбегінің арқасында біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық.
XXI ғасырда жаңа Астанамыздың бой көтеруі де Тұңғыш Президентіміздің ең басты ерліктерінің бірі. Бар-жоғы 20 жылда бас қаламыз Тəуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды. Астанамыз, шын мəнінде, өткеннің құндылықтарын көрсете отырып, күллі əлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті. Елбасының осындай қыруар еңбектерін ел болып бағалап, Парламенттің бірауыздан қабылдаған шешімі негізінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды.
Елорда мен Елбасы – егіз ұғым. Нұр-Сұлтан атауы астанамызды одан әрі биіктете түсетініне ешқандай күмән жоқ.
Сондықтан біз,
«Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері, елорданы Нұр-Сұлтан қаласы деп аталғанын қолдаймыз.

«Шымкент
қаласының
Азаматтық
Альянсы» заңды
тұлғалар бірлестігінің ұжымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.