Туристік бизнес Түркия стандартына сай болады Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2155 раз

turizm 2

Шымкентте туристік бизнестің өкілдерін стандарттау және сертификаттау Түркияның стандарттарына сай жүргізілуі мүмкін. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин мен Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен болған кездесуде осы тұрғысында айтылды.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, үшінші мегаполистің туризм саласы мен қызмет көрсету саласын дамыту және студенттер мен жоғары оқу орындарындағы студенттердің біліктілігін арттыру тақырыптары сөз болды.
Туризм ұлттық экономиканы дамытудың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін айтқан қала әкімінің орынбасары Данат Жумин Шымкентте туризмді дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.
Тараптар биылғы мамыр айында
Шымкентте туризм және шағын бизнес, қонақ үйлер, мейрамханалар мен қызмет көрсету құрылымдарының өкілдері үшін бірлескен семинарлар мен шеберлік сабақтар өткізу туралы ауызша келісімге келді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.