Бақтияр Тайжанов – басылымға басшы Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 157 раз

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-не жаңа басшы тағайындалды. Яғни «Шымкент келбеті»-«Панорама Шымкента» газеттеріне директор-бас редактор қызметіне қаламы қарымды, республикаға танымал журналист Бақтияр Тайжанов келді.

324

 

Бақтияр Тайжанов журналистика саласында үлкен мектептен өткен, тәжірибесі толысқан білікті маман. Ол республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, бас директор, 2001-2011 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 2011-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы қызметін атқарды. Бүгінге дейін “Егемен Қазақстанның” Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген Бақтияр Тайжанов Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Бектаеваның бұйрығымен «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директоры- бас редакторы лауазымына тағайындалып отыр.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған Ж.Бектаева Б.Тайжановтың қызметіне сәттілік тіледі.