Қала әкімі университет тынысымен танысты Избранное

Среда, 20 Ноябрь 2019 03:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2707 раз

Таяуда Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов 20 жылдық тарихы бар академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне арнайы ат басын бұрды.

asadas

Әкім университеттің 20 жылда жеткен ғылыми жетістіктері қойылған арнайы көрмемен танысты. Мұнда, әр кафедраның профессор-оқытушылары мен студенттерінің ғылыми еңбектері, ғылыми жұмыстарының нәтижелері, инновациялық жобалары мен макеттері, оқу құралдары мен сайыс кезінде жеңіп алған кубоктары қойылған. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы қала басшысына өздерінің ғылыми жұмыстары аясында орындалған инновациялық жобаларын таныстырды, оларды жүзеге асыру Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға елеулі мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Кездесу барысында университет ректоры, м.ғ.д., профессор, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы қала әкімі Е.Айтахановқа университеттің 20 жылдағы тарихи жетістіктері жайында баяндап берді. Қала басшысы мұнан соң жоғары оқу орнының ұжымымен тілдесіп, қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайының дамуы жолында ғылымды тәжірибемен ұштастыра отырып, бірігіп жұмыс атқаруды ұсынды. Әкім өз кезегінде ұжымға сәттілік тілеп, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесін жақсарту, жетілдіру бағытындағы басты міндеттерге тоқталды.

Сонымен бірге, жатақхана мәселесінің өзекті екенін айта келе, 2020 жылғы оқу жылында пайдалануға берілетін, қазіргі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан университеттің жаңа жатақханасының құрылысымен танысып, Асар шағынауданынан салынатын жаңа университеттің жатақханасы мен спорт кешенінің құрылысына, әкімдік тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.

Жоғары оқу орны жайында толық ақпарат алған қала басшысы университеттің материалдық оқу базасымен танысты. Профессор – оқытушылармен кездесу кезінде әкімге ұнаған бірнеше ғылыми жобаларды алдағы уақытта қабылдауына шақырып, ресми кездесу барысында жүзеге асыруды ойластыратынын жеткізді.

Мутал ТҰРТАЕВ,
А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университеті «Болашақ» инновациялық
ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.