Шымкентке жаңа әкім тағайындалды Избранное

Среда, 22 Январь 2020 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 432 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мұрат Әйтенов

Қала активіне жаңа әкімді таныстырған ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Е.Қошанов Шымкент қаласын дамыту бойынша Президенттің берген бірқатар міндеттерін атап өтті.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы туған, 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.