Шымкент қаласында індеттің таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен аудандарға қатынайтын автобустар тоқтатылып, автобекеттер уақытша жабылды.
Қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн деп кеңес береді.
Сонымен қатар автобекеттердің уақытша жабылуына түсіністікпен қарауға шақырады.