245 КӨШЕДЕГІ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Среда, 01 Июль 2020 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 141 раз

15ba2f8d-d5d9-4375-a1ca-0be0361dee64

Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр.

Қазіргі таңда шаһарда жол құрылысы қыза түскен. Құрылыс сапасын қала әкімі М. Әйтеновтің назарында. Бұл ретте, мердігерлер күзге дейін 414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтайтынын айтады.
Шымкенттегі қалашілік жолдар соңғы рет 2008 жылы жөнделген. Енді міне, ескі жолдарды жаңарту үшін биыл қазынадан қомақты қаражат бөлініп отыр. Аталған 27 миллиард теңгеге 414 шақырым жол салынбақ.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, биыл шаһардағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделуде.
– Шымкент қаласы бойынша 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеумен қамтылған. Биыл 313 шақырымын пайдалануға береміз. Оның ішінде 75 шақырымы біздің осындай магистарльды көшелерде. Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы орынбасары.
Қазір құрылыс басында 45 мердігер компания тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 245 көшедегі қалаішілік жолдар күзге дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірнеше көпір жаңартылып, орталық магистральды жол бойында веложолақ салынып, маңайы жарықтандырылмақ. Ең бастысы, төселетін асфальттың сапасы аса жоғары дейді мамандар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.