ҚАЛАНЫҢ ГЕОПОРТАЛЫ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР Избранное

Среда, 30 Сентябрь 2020 06:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1216 раз

Ноу-хау

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов инстаграмдағы парақшасында жариялады.

– Шымкент қаласының геопорталы – қалада орналасқан әрбір нысан туралы толық ақпарат жинақталатын арнайы сайт болады. Портал кезең-кезеңімен іске қосылады. Жыл соңына дейін 1-кезең іске қосылады деп күтілуде. Онда жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы енгізіліп, толығымен автоматтандырылады. Яғни қаланың Бас жоспары, жерге қатысты ақпараттар, мекенжай анықтамасы қосылады, – дейді Маулен Айманбетов.
Жалпы портал - қала аумағындағы нысандар мен процестер туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Ондағы сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік коммуникацияларға қосылуға арналған техникалық шарттарды алу, оларды келісу және құжаттарды беру секілді процестері геоақпараттық сервис арқылы автоматтандырылады.
Сервис арқылы кез келген қала тұрғыны (инвесторлар, кәсіпкерлер және т. б.) жер учаскесі туралы, оның кадастрлық құны, кепілдік жарнасы, жер учаскесінің орналасқан жері және өзге де ақпаратты көре алатындай етіп әзірленеді.
Кәсіпкерлерді қолдауды оңтайландыру мақсатында газбен жабдықтау, электр және сумен жабдықтау, жылу жүйесіне қосу, байланыс және телекоммуникация желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу секілді қызметтер толығымен автоматтандырылады дейді порталды дайындаушы мамандар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.