Кәсіпорында жаңғырту жобалары жүзеге асуда Избранное

Среда, 18 Ноябрь 2020 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1255 раз

Құрылыс сервисl.53168

Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда.

2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдарын, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда.
Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары сәтті жүзеге асқан.
Атап айтқанда, бүгінде 3 жаңа жеке цех, яғни палубасыз қалыптау желісі (плиталар, рилегтер, баспалдақ сатылары, жол жиектерін өндіру), ұсақ бөлшектелген бетон бұйымдары цехы (қабырға блоктары, тротуар плиталары), қабырға панельдерінің желісі (жоғары сұранысқа ие жаңа технологиялық полистирол бетон өнімдерін өндіру) іске қосылды.
Мекеме қазіргі таңда 110 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.