Халық үніне құлақ асатын мемлекет Избранное

Пятница, 21 Май 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2933 раз

Шаһардағы коммуналды-шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жіті бақылауында. Әсіресе, шалғай жатқан шағынаудандар мен елді мекендердегі тұрғындар тарапынан айтылған ауыз су, газ, жол мәселелерін дер кезінде шешу назарда тұр. Бұл аптада шаһар басшысы Қайтпас, Қызылжар, Алтынтөбе, Жаңаталап
шағынаудандарында коммуналды шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстардың басы-қасында болды.

848

 

Станцияда соңғы жұмыстар қалды

Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды. Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.
Қала әкімі М. Әйтенов әлеуетті нысанның құрылысы барысын аралап көрді. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдығын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізіліп, әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыс қалды.
Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

5 шақырым көше жөнделеді

Қызылжар шағынауданында көшелерді орташа жөндеу және Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.

851


Қала әкімі М.Әйтенов №10 көшені орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты – «АГАТ» ЖШС.
Одан бөлек, қазіргі таңда ұзындығы 0,4 шақырым Гаражная, 0,5 шақырым Ақтансай, 1 шақырым Жусанды көшелерінде құрылыс жүруде. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөнделеді.
Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалық, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады. Шағынауданда жалпы жол ұзындығы – 57,9 шақырым. Асфальт жол – 34,3 шақырым, тасжол – 20,4 шақырым, топырақ жол – 3,2 шақырым.
Сонымен қатар шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.

Алтынтөбеде бау шаруашылығы дамуда

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Алан и Компания» ЖШС-нің көкеніс пен жеміс өңдейтін кәсіпорны құрылысын аралап көрді.
Бүгінде тұрғын алапта қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. «Алан и Компания» ЖШС алма (39,5 га), шабдалы (2 га), алмұрт (2 га), жүзім (1,5 га) шаруашылығы бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Инвестиция көлемі – 400,0 млн теңге. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Одан бөлек сыйымдылығы 1,3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.
Жеке кәсіпкер биыл жеміс-көкөніс қайта өңдеу өндірісінің құрылысын бастаған. Инвестиция көлемі – 1 200,0 млн теңге («АКК» АҚ-нан несие алынды). Құрал-жабдықтары Түркиядан әкелінеді. Бұл бағытта жалпы 30 адам жұмыспен қамтылады. Алда шырын, джем, пектин ұнтағы сынды өнім түрлері дайындалады.

Ауыз судың мәселесі бақылауда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Жаңаталап тұрғын алабындағы ауызсу жүйесі құрылысының барысын көріп қайтты.
Жаңаталап елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС қазіргі уақытта жұмыстың 70 %-н аяқтады.
Ұзындығы 86,1 шақырым ауыз су құбырының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде Жаңаталап елдімекеніндегі 5196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.