Абай кітапханасы жаңа форматқа көшті Избранное

Среда, 23 Июнь 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2832 раз

Қаламыздағы Абай кітапханасы қайта жаңартудан кейін оқырманға есігін қайта ашты. Қала күніне орайластырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған зиялы қауым өкілдері, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының директоры К.Пикат арнайы келіп қатысты.

264

 

Жаңарған кітапхана аумағы кітап оқу, коворкинг аймақтары және кофейня секілді үш аймаққа бөлінген. Бұған қоса кітапхана ғимаратына Абай муралы салынған. Ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы ұжымға Yamaha музыкалық синтезаторын сыйға тартты.

265


Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, алдағы уақытта мегаполисте 10 кітапханада жаңғырту жұмыстары жүреді деп жоспарлануда.
Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.