«Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атану сәтінде қаламызда оны айғақтайтын арнайы ескеркіштің болуы маңызды. Жергілікті тұрғындар мен шахмат жанкүйерлері үшін Орталық саябақ негізгі орынға айналып үлгерген. Сондықтан шахмат фигурасына осы орын таңдалып алынған.
Шахмат ойынынан Шымкентте жүлдегерлер аз емес. Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік, Гүлмира Дәулетова Шымкент қаласының тумасы. Сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент мектептерінде шахмат ойыны енгізілді. Өңірлерде шахматты көпшілікке айналдыру – бүкіл елдің шахматшыларының шығармашылық байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.