Досымовтар отбасында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемодиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген. 3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.
–Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз – осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» - дейді клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Донбай.