Вакцинация - індетке қарсы ең тиімді жол!

Пятница, 11 Февраль 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1626 раз

        

Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің ең тиімді және қауіпсіз жолы - ВАКЦИНАЦИЯ! Ұлыбритания, Дания сияқты дамыған елдер халықты 80% вакцинациялаумен қамту және ұжымдық иммунитетті қалыптастырумен бүгінгі күні карантиндік режимді шектеулердің барлығын алып тастады. Бұл елдерде балалар 5 жастан бастап вакцинациялаған.

237

 

        

         Әрине, ұжымдық иммунитетті ауырғандардың есебінен қалыптастыруға болады. Бірақ, бұл жағдайда адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болады және коронавирустың мутациялануына көбірек жол беріледі.

 

         Еліміде пандемия мәселесінің дұрыс шешімі ретінде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен екпе енгізіледі.

 

         Шымкент қаласында вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген вакциналар «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)», «Хаят вакс», КазВак, КоронаВак, «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ), Спутник-Лайт қолданылады.

 

        Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыз, туған-туыстарымыздың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Дені сау адамдарға вакцинация мен ревакцинацияны мүмкіндігінше тезірек алу қажет.

 

         Вакцинациядан кейін егілген адам егу пунктінде 30 минут және 3 тәулік бойы қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұдан әрі ағзада иммунитетті қалыптастыру үшін егілген адам дұрыс тамақтану, күндік және ұйқы режимін сақтау керек.

 

Қазіргі уақытта қаланың 1 090 109 тұрғынының 69,3% коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Ұжымдық иммунитетті 80% қамту арқылы пандемияны вирустың бір адамнан екінші адамға таралу тізбегін бұзу жолымен тоқтатуға болады.

 

         Тәуекел тобына жататын 596205 қала тұрғыны арасында 1-компонентпен 597167 (100,2%), 2-компонентпен 583751 (97,9%) адам егілді. Өткен жылдың тамыз айында тәуекел тобындағы адамдардың 60,0% екпе алды, осы жылдың ақпан айында 6 ай өткен соң ағзада антиденелердің тұрақтылығы үшін ревакцинация алу қажет. Қазіргі уақытта барлығы 115073 адам қайта вакцинацияланды, бұл небәрі 19,3% құрайды. 60 жастан асқан адамдарға және медициналық қызметкерлерге Пфайзер вакцинасымен ревакцинация жүргізуге болады. Пфайзер вакцинасымен 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күн өткен соң егіледі. Осы вакцинамен 2948 (6,8%) жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-37 аптасы) және 6310 (15,0%) босанғаннан кейін 42 күн өткен бала емізетін әйелдер бірінші компонентпен егілді. Екінші компонентпен 1708 (3,9%) жүкті әйелдер және 3315 (7,9% ) бала емізетін әйелдер егілді.

 

         Өз кезегінде, қала бойынша 18 жасқа дейінгі 115453 жасөспірімдерді егу 1-компонентпен 33,1%, 2-компонентпен 15,3% құрады. Жасөспірімдерді Пфайзер компаниясының вакцинасымен егу 2021 жылдың 15 қарашасынан басталғанына қарамастан, ата-аналар балаларын вакцинациялауға асықпайды. Вакцинациялау арқылы балаларымызды аурудан қорғай аламыз. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды аурудан қорғау үшін екпе алуды ұсынамыз.

 

А.ТУРЫМБЕТОВА,

Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

Последнее изменение Пятница, 11 Февраль 2022 07:50
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.