А тобынан бақ сынасқан командалар – №24, Б тобына кіретін командалар жарысы – №36, С тобының ойыншылары – №63 жалпы орта білім беретін мектептерде жарыс көрігін қыздырды.
Спортты жанына серік еткен жасөспірімнің бірі – Сандуғаш Юсупова. Ол Қарабастау елді мекеніндегі №99 мектептің атынан қатысып, жеңіске қол жеткізсек деген арманмен келген.
– Бүгінде қаламызда бұқаралық спортты дамытуға күш салып жатыр. Қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің алдында балалардың спортпен айналысуына жағдай жасалған. Сол секілді, орталықтан шалғайдағы елдімекендерде спорт алаңшалары көптеп салынуда. Бұл біз секілді жастардың бос уақытын тиімді өткізуге пайдасы тиіп жатыр. Өткен жылы жастар лигасындағы оқушылардың жеңісі бізді қанаттандырды. Биыл біз де үлкен үмітпен келдік, - деді жас волейболшы Сандуғаш.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарының жеңімпаздары мамыр айында анықталады.