538 млрд. теңге инвестиция тартылады Избранное

Пятница, 22 Апрель 2022 03:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 828 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

73

 

Басқарма басшысының орынбасары Б.Әзімбердиев қаладағы кәсіпорындармен осы жылдың 3 айында 211,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі, ал өңдеу өнеркәсібінде 176 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін мәлім етті.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптің өсу қарқыны 119 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 121,2 пайызды құрады. Шымкент қаласының өнеркәсібінде 731 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда. Оның – 26-сы ірі, 42-і орта кәсіпорын.
Сонымен қатар бірінші тоқсанда негізгі капиталға 75,2 млрд. теңгенің, ал өткен жылдың үш айында 38,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, өсу қарқыны 194 пайызды құрады. Жалпы жыл соңына дейін барлық сала бойынша қалаға 538 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспары бар.
Есепті жиын соңында қала басшысы экономикалық индикаторлардың орындалуымен шектелуге болмайтынын және инвесторларға барынша жағдай жасау керектігін айтып, сала жетекшісіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.