«Түркістан» сарайында өткен бірыңғай қабылдауда шаһар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да қатысып, тұрғындардың мәселесін тыңдады.
Қабылдауда жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетіні айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.
Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер енгіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларын бөлісіп келгендер де болды.
М.Әйтенов әр азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.