Облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстікке келген Қытай елінің делегациясымен кездесті.

shymk city-41

Жиында қытайлық «Шанхай констракшн» компаниясының өкілдері өңір басшысына «Шымкент Сити» қалашығының маңында салынатын тұрғын үй кешенінің жобасын таныстырды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Шымкент Сити»-дегі аталған композицияның орталығы ретінде төбесі көк тіреген 57 қабаттан тұратын екі көпқабатты үй қарастырылуда. «Шанхай-Тауэр» және «Шымкент-Тауэр» деп аталатын мұнаралар аталған екі қаланың достық символы іспеттес болмақ. Жобаның жалпы көлемі 300 мың шаршы метрден астам. Қытайлық инвесторлардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешенін салу идеясы шығыс пен батыс көпестерінің ежелгі сауда жолы болған Ұлы Жібек жолының тарихына негізделген. Бұл жолдың бойындағы шаһарлардың бірі – қазіргі Шымкент қаласы. Ал тұрғын үй кешенінде Ұлы Жібек жолындағы көне қалалар – Отырар, Сауран, Сығанақ, Сайрам, Созақ атымен аталатын ежелгі орамдар (квартал) салынбақ. 

Кәсіпкерлермен болған кездесуде облыс әкімі өңіріміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтіп, әсіресе, аймақта отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Мұнан бөлек, ол әкімдіктің аталған жобаны қолдайтынын және оны іске асыруда жан-жақты қолдаулардың болатынын айтты.

Опубликовано в Қала

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда Оңтүстікке жасаған сапары кезінде: «Биыл Шымкенттi 1 миллион тұрғыны бар қала деп жариялаймыз. Миллионды шаһар осылайша өңiрдiң дамуына тың серпiн береді», – деген болатын. Елбасы бұл сөзді бекерден-бекер айтқан жоқ. Шымкент үшінші мегаполис ретінде жан-жақты дамыған үлгілі қала болуы тиіс. Қазір Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы бекітілген. Осы Тұжырымдама шеңберінде қаламызда жүзеге асып жатқан ерекше жобаның бірі – «Шымкент СИТИ» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені. Қаланың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек би ескерткішінің жанында 427 гектарды алып жатқан ол аумақта жол салынып, инфрақұрылым жұмыстары қарқын алған.

shymcity 37-2

Асфальт төсеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр

Ауқымды жобаның құрылыс барысын таныстыру мақсатында осы аптада қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен жауапты сала өкілдері жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге «Тұран» шағынауданына барды. Онда журналистер қауымына «Шымкент СИТИ» аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қаланың болашақ бет-бейнесін таныстырды. 

Әкім орынбасарының баяндауынша, жоба құрылысына республикалық бюджеттен 15 млрд теңге қарастырылған. Инженерлік-коммуникациялық жұмыстары келесі жылы аяқталады. Яғни, асфальт салу жұмыстары толық бітеді. Жоба толықтай аяқталғанда жаңа қалашықта 70 мың адам қоныстанады.

20170503 151609

– «Шымкент СИТИ»-ді бүгінде қаланың басты құрылыс алаңы деп айтсақ та болады. Себебі, бұл кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді. Бұған Елбасымыз да ерекше көңіл бөліп, қадағалап отыр. Қазір мұнда 10 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бірінші бөлікте 25 гектарды игереміз деп жатырмыз. Сосын 75 гектар болатын саябақтың жобасы жасалуда. Биыл онда жұмыстар басталады. Қазіргі таңда жобаға елімізден және шетелден көптеген инвесторлар қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, олар – «Отау групп», «Базис», BI Group компаниялары. Сондай-ақ Қытай, Түркия және Малайзиядан көптеген инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде, – деді Нұралхан Көшеров.

shymcity 37

300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтереді

Жобалаушылардың мәлімдеуінше, «Шымкент СИТИ»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Мұнда 7 мектеп, 21 балабақша, 2 емхана ғимаратын салу жоспарда тұр. Мұнда жалпы 316 тұрғын үй бой көтереді. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 75 га болатын саябақ алаңы орналаспақ. 

– Жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер құрылысына 300 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалмақ. Оның 200 миллиарды инвесторлардан болса, қалған 100 млрд «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша іске асады. Мұндағы пәтерлерге тұрғындар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы қол жеткізе алады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, «Шымкент-сити» аумағында дәл қазір тұрғын үйлердің құрылысы қызу жүргізілуде. Алғашқы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да бітуге жақын. Биыл жыл соңына дейін 5 көпқабатты үй аяқталады, – деді әкім орынбасары. 

Қазіргі таңда «Шымкент СИТИ»-де көше құрылысы мен 10 үйдің (әрқайсысы 54 пәтерден тұрады) инженерлік коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде. 

 

Бәрі де тұрғындар игілігі үшін...

Н. Көшеров коммуникациялық жұмыстардың барысына да тоқталды. Айтуынша, бұл жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жұмыстар биыл бітсе, келесі жылы пайдалануға беру жоспарда тұр. Ал жолдардың басым бөлігі осы жылы төселмек. Ал қалашықтағы аяқжолдар мен велосипедтерге арналған көшелерді салу кезегі келесі жылдың еншісінде. Өйткені, аяқжолдар түсетін нысандарға биыл коммуникациялық қажеттіліктер жүргізілетін болады. 

DSC 4583

– 3500 көрерменге арналған кино концерт залын салуды ұйғарып отырмыз. Мұнан бөлек, әзірге, біз «Шымкент Арена» (сыйымдылығы 8 мың адам) спорт кешені бой көтеретін болады. Қазір құрылыс жобасы жасалып жатыр. Мұнда, ең бастысы, шаһар тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Жобамыздың ішінде ауданы 24 га болатын бизнес-орталықтың құрылысын салу да көзделген. Қазір республикалық бюджет қаржысының есебінен тек инфрақұрылым жұмыстарын және қолжетімді түрғын үйлер құрылысын жүргіземіз. Қалғаны толық жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады, – дейді қала әкімінің орынбасары БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қала әкімдігінде өткен кезекті жиында «Шымкент СИТИ»-дің жай ғана жаңа кешен емес, ол ең алдымен қала тұрғындарының өмір сүруі үшін бар жағдай жасалған, жаңа стандарттардың үлгілі көрсеткіші болатынын айтқан еді. Шын мәнінде, «Шымкент-сити» – қаламызды үшінші мегаполиске айналдыру бойынша қолға алынған ерекше жоба. Қалашықтың құрылысы 2020 жылға таман толық аяқталған жағдайда, бұл мекен барша қала тұрғындарының мақтанышына айналатыны сөзсіз.

 

Қысқа-нұсқа:

«Шымкент СИТИ» қалашығы – шаһардың солтүстік аймағында, Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңда орналасқан нысан. Жалпы ауданы – 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұрмыста, бизнесті бастауда қолайлы жағдайымен және ең жоғары қала құрылысы мен сәулеті жөнінен ерекшеленеді. Аталған жоба Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

Опубликовано в Қала

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Халқының саны бір миллионға жетерлік Шымкенттің көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген сөзі бар. Қазіргі Шымкент жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Осы орайда «ШЫМКЕНТ СИТИ» – қаламыздағы ең ауқымды жобалардың бірі. Аталған жоба аясында алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру, қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру бағытында жұмыстар жалғасатын болады.

shymcity

Оңтүстікте Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданында дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтермек. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде айтылды. 

Жиында 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.

ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына да аз уақыт қалды. Аталған халықаралық көрме аясында облысымызға келетін туристер көбеймек. Осы орайда аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірінші кезекте туризмді дамытуға үлес қосатын Түркістан қаласы мен Отырар ауданындағы жобаларды тездетіп қолға алуды тапсырды.

Мәжілісте «Шымкент СИТИ»-дің құрылысы кеңінен талқыланды. Елбасы тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан ірі жобаның шеңберінде аумағы 407 гектар жерде сәулетті заманауи қалашық бой көтермек. Қазір ол аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта этноқалашық құрылысы жанданады. Осы мақсатта Шымкент қаласының бас архитекторы Нұрлан Арқабаев кеңес мүшелеріне этноқалашықтың жаңа нобайын таныстырды.

Опубликовано в Қала

«Shymkent city» – Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Орта Азиядағы ең көне қаланың жаңа тарихи бейнесін айшықтайтын болады. Осы орайда, жергілікті БАҚ өкілдеріне «Тұран» шағынауданындағы ауқымды жобаның құрылыс барысымен таныстырған қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров заманауи тұрғын және іскерлік орталығына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Пресс-турға қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Нұралхан Оралбайұлының айтуынша, жобаның жалпы аумағы 427 гектарды құрайды. Бүгінде мұнда инфрақұрылым тарту және жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы саны 7 көше бойына аяқжолдар мен веложол жолақтарын салу қарастырылған. Яғни, мұндағы жолдардың орташа ені 3,5-4 метрге, ал жер полотносының ені 40-50 метрге жетеді. 

– Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарын толығымен аяқтау үшін бюджеттен 6,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Биыл оның 1,9 млрд теңгесі игерілді. Яғни, бұл жұмыстарды 2017 жылы аяқтау көзделуде, – дейді Н. Көшеров.

Пресс-турға қатысушылар ең алдымен, бірінші көше бойындағы жұмыстарды зерделеді. Мұндағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарын «Шымкентдорстрой» ЖШС-і жүргізуде. Өткен жылдың маусым айында басталған ауқымды жұмыстар 2017 жылдың соңына дейін толығымен аяқталуы тиіс. Жобаның сметалық құны 417 миллион теңгеге жуықтайды. 

– Көше бойының жалпы ұзындығы 1538 метрді құрайды. 4 жүру жолағы салынады. Биыл қаралған қаржының 131 миллион теңгесі игерілді, – дейді сала мамандары.

Бұдан бөлек, орталық аумағында бой түзеген алғашқы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да аяқталуға жақын. 9, 12, 16 қабаттан тұратын жалпы саны 316 тұрғын үй ғимараты келер жылдың соңына қарай пайдалануға беріле бастамақ. Қуантарлығы, мұндағы пәтерлерге азаматтар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы қол жеткізе алады.

Келешекте «Shymkent city» аумағы 70 мыңға таяу тұрғынды қамтитын болады. Сонымен қатар, 7 мектеп, 21 балабақша, 2 емхана ғимаратын салу жоспарлануда. Қаладағы ең үлкен спорт кешені, концерт залы және жалпы аумағы 62 гектардан асатын саябақ та осы жақтан орын тебеді. 

Осылайша, «Shymkent City» заманауи инфрақұрылыммен қамтылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, жоғары заманауи стандарттарға лайықталған іргелі орталыққа айналмақ.

Жоба «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасының» шеңберінде жүзеге асырылуда. Ең бастысы, Шымкент қаласын ел аумағындағы үшінші мегаполиске айналдыру міндеті оң шешімін таппақ. 

Айта кетейік, кешен аумағындағы жаңа нысандардың құрылысы жеке инвестициялардың есебінен салынады.

Суретті түсірген
М. ШАҒЫРБАЕВ

Опубликовано в Қала

«Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына Қытайдың «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда.

shym city 88

Қала әкімдігінде өткен кездесуде «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екіжақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің «Фронт-офис» орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап өтті.

Қос тараптың өзара пікірлесуінде компания өкілі Ся Цзямин Шымкент қаласында бой көтеретін болашақ жобаның ауқымдылығына тоқталып, ірі кешеннің құрылыс жұмыстарына «Tие Жиан» компаниясы тарапынан қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

«Tие Жиан» компаниясы әлемдегі жол құрылысы саласындағы кәсіпорындар ішінде үздік үштікте және әлемдегі 500 бренд арасында 79 орынға тұрақтаған ең қуатты, ірі кешенді құрылыс тобы. Сонымен қатар, «Tие Жиан» «CRCC» компаниясы Қытайдың шетелдерге инвестиция салумен айналысатын бірден-бір қуатты құрылыс кәсіпорыны болып саналады.

Опубликовано в Қала

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АҚШ-тың АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.

АЕСОМ – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Даби, Гонконг, Лос-Анжелес әуежайларын, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.

Опубликовано в Қала