×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«ШЫМКЕНТ СИТИ»: құрылыс жұмыстары қарқынды Избранное

Среда, 26 Апрель 2017 09:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4313 раз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Халқының саны бір миллионға жетерлік Шымкенттің көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген сөзі бар. Қазіргі Шымкент жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Осы орайда «ШЫМКЕНТ СИТИ» – қаламыздағы ең ауқымды жобалардың бірі. Аталған жоба аясында алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру, қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру бағытында жұмыстар жалғасатын болады.

shymcity

Оңтүстікте Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданында дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтермек. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде айтылды. 

Жиында 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.

ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына да аз уақыт қалды. Аталған халықаралық көрме аясында облысымызға келетін туристер көбеймек. Осы орайда аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірінші кезекте туризмді дамытуға үлес қосатын Түркістан қаласы мен Отырар ауданындағы жобаларды тездетіп қолға алуды тапсырды.

Мәжілісте «Шымкент СИТИ»-дің құрылысы кеңінен талқыланды. Елбасы тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан ірі жобаның шеңберінде аумағы 407 гектар жерде сәулетті заманауи қалашық бой көтермек. Қазір ол аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта этноқалашық құрылысы жанданады. Осы мақсатта Шымкент қаласының бас архитекторы Нұрлан Арқабаев кеңес мүшелеріне этноқалашықтың жаңа нобайын таныстырды.