Қалада болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті.

931

Шымкентте төтенше жағдай тәртібін бұзған 83 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 47 құқық бұзушы қамауға алынған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлады.

904

Шырша шамы жағылды

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:51

Үшінші мегаполисте жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Басты шыршаның жарығын жағу мерекесіне қала тұрғындары, балақайлар мен өнерпаздар жиналды.

833

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мерекелік демалыс күндерге орай күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде департамент бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мәлімдеді.

832

ЖЕДЕЛСАТЫҢЫЗ ІСТЕН ШЫҚСА...

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:40

Шымкенттегі 537 лифтінің 53-і ескірген. 1990 жылға дейін құрастырылған олардың жұмыс істеу уақыты мерзімінен асып кеткендіктен, 49-ы жөндеуді қажет етеді. Ал төртеуі апатты жағдайда. Тұрғындарда сол жеделсатыларды жөндеуге не ауыстыруға қомақты қаржы жоқ, сондықтан, бұл мәселеде мемлекеттің көмегі қажет-ақ.

828

Сәбилерге – «сүйінші-бокс»

Среда, 22 Декабрь 2021 05:13

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының сәлемдемесін жас босанған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков жеткізді.

Мамандар анасы мен сәбидің үйіне барып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыстады. Сыйқорапта бөбектерге қажет заттарға қоса ҚР Президентінің құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға – 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі бар.

boks 3

Мемлекет басшысының құттықтауында «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған.

boks 1

– Біздің қызметкерлер 16 және 17 желтоқсан күндері жұмыс істеді және АХАЖ өкілдерімен бірге әр сәбидің алғашқы құжатын рәсімдеу үшін перзентханаларда құжаттарды қабылдады. Осынау акцияны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен АХАЖ және «Қазпошта» қызметкерлеріне, барлық дәрігерлерге олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді, – дейді мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков.

16-17 желтоқсан күндері Шымкентте 238 сәби дүниеге келді. Олардың барлығына «Сүйінші» сыйлық бокстары табысталды. Бэби-бокстар ата-аналардың қалауы бойынша перзентханаларға немесе үйлеріне жеткізіледі.

boks 2

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен, ҚР Ұлттық банкі, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ-ның қатысуымен әзіргенген.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойында Шымкентте Алаш арыстарына арналған композициялық мүсін ашылды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Алаш арыстары» ескерткіші идеясының авторы Бекет Тұрғараев, ескерткіштің авторы, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Тоқтар Ермеков, Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Әлібек Сейдехан және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

814

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Среда, 22 Декабрь 2021 04:23

Үшінші мегаполисте мерекелік жиын өтіп, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға құрмет көрсетілді. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма ұйытқы болған салтанатты іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Жастар орталығына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар жиналып, азаттықтың ақ таңын жаққан сол оқиға туралы деректі фильмді тамашалады.

817

Страница 19 из 53