ЖАС ҰРПАҚ БІЛІМДІ БОЛСА, БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН Избранное

Пятница, 18 Август 2023 05:29 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 8546 раз

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған акция аясында аз қамтылған отбасылардың 1 мың баласына мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тапсырылды.

111

 

—Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің 5 бағытының бірі — қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Соған сәйкес Шымкент қаласындағы барлық мешіттер біріге отырып осылай 1 мың оқушыға қолдау көрсетіп отырмыз. Артымыздан ілесіп келе жатқан жас ұрпақ білімді болса, олар ертең ел мен жерге, асыл дініміз Исламға қызмет етеді. Солар атқаратын сауапты, игі істерге үлесіміз болсын деген ізгі ниетпен осындай шараны ұйымдастырдық, — дейді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абрахманов.
Сонымен қатар орталық мешітте Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық сайысқа Шымкент қаласы бойынша іріктеу өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.