Алдымен BASQAZHOL спорттық қозғалысының мүшелері көпшілікке өз шеберліктерін паш етті. Әрі қарай қатысушылар 15-25, 25-35 және 35 жастан жоғары санат бойынша күш сынасып, көше спортының мықтыларын анықтады. 18-25 жас санатында Қанат Құлтай қоссырықта қолын 180 рет бүгіп-жазып, сайыстағы рекордтық нәтижені тіркеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сый-сыяпаттар және дипломдар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры – 1 млн теңге. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Мақсат Орынбаев жүлдегерлерді марапаттап, бұқаралық спорт фестивалінде ең мықтылар жеңіске жеткенін атап өтті.