ЖЕҢІМПАЗ – «АКБАР БАЗАРЫ» КОМАНДАСЫ Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:05 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1619 раз

Халықаралық жастар күніне орай, ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеде қаладағы базарлар және сауда орындарының 16 командасы бақ сынап, үздіктер анықталды. Алғашқы турнирде «Акбар базары» командасы жеңімпаз атанды.

802

 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов іс-шараға қатысып, бұқаралық спортты дамытуда бұл сайыстың маңызы зор екенін атап өтті. Жастарға серпін беретін жобаның алдағы уақытта дәстүрлі сайысқа айналуына тілектестігін білдірді.

803


Жеңімпаз және жүлдегерлер арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, жеңімпаз «Акбар базары» командасына 10 дана планшет, екінші орын алған «Көне қала сауда орталығы» командасына 10 дана смартфон, үшінші орын иегері «Барыс базары» командасына 10 дана велосипед табыс етілді. Сонымен қатар, бірқатар ойыншылар «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Турнирдің екінші кезеңінде қыздар арасында волейболдан сайыс өтеді.

Ә.АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.