ЕРІКТІЛЕР ЖАРЫСҚА ШЫҚТЫ Избранное

Среда, 24 Апрель 2024 04:27 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 411 раз

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Шымкенттегі «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің  еріктілері арасында воллейболдан кіші турнир ұйымдастырылды.

Bolei

 

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен турнирге «Парасат», «Авиценна» көпсалалы медициналық, «Отырар», Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық, Инновациялық-технологиялық, Оңтүстік Қазақстан жоғарғы медициналық, Шымкент аграрлық-техникалық колледждерінің воллейболшылары қатысты.
Ұйымдастырушылар осы жарыс арқылы еліміздегі ерікті жастардың санын арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа баулуды мақсат еткен.
– Қазақстанның бастамысымен 2026 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында еріктілер арасында кіші турнир ұйымдастырдық. Турнирге қаламыздың жеті колледжінің спортшылары қатысып, жеңімпаз командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды, – деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Бағлан Илесов.
Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Президентіміз Халықаралық еріктілер жылын жариялау туралы бастама көтерген болатын. Нәтижесінде 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп бекіткен қарары қабылданған болатын.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.