Пятница, 12 Май 2017 06:20

Жас режиссерлерге – байқау!

Жаңа есімдерді жалпы жұртшылыққа таныстыру мақсатында облыстық байқау жарияланды. Жас режиссерлер өздерінің қысқаметражды бейнефильмдерін аталған додаға ұсына алады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған баспасөз-мәжілісінде айтылды.

26

«Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Береке Дүйсебековтың айтуынша, жас режиссерлер мен дарынды жастар алдымен конкурстық бейнефильмдер түсіру бағытын анықтап алуы керек. Олар 8 бағыт бойынша жұмыс істейді: әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны; туризм саласын насихаттау; патриотизм; мотивациялық бағыт; спорт, салауатты өмір салты; отбасы құндылықтарын насихаттау; жемқорлыққа қарсы бағыттағы; әлеуметтік тақырыпта (ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, алимент, діни сауатсыздық және т.с.с.). 

Байқау талаптары төмендегідей: 

1. ҚР Конституция күніне арналған қысқа бейнефильмдерін түсіру байқауына қатысуы үшін мерзімі 2017 жылғы 11 мамырдан бастап 11 маусымға дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына немесе 8-708-891-15-97 нөмірі арқылы тіркелуге болады. 

2. Байқауға аудан, қалалардағы байқау бағдарламаларының талаптарына сәйкес кино-видео саласында тәжірибесі бар 14-29 жас аралығындағы жастар мен жас маманы бар киностудиялар қатыса алады.

3. Байқау қатысушылары бейнефильмдерді өз есебінен түсіреді, қолдау көрсету қажет болған жағдайда техникалары (дыбыс жазу студиясы, сценарийге редакторлық жұмыстар, режиссерлік көмек, операторлық көмек, т.б.) ұйымдастырушы тарапынан көрсетіледі.

4. Кемінде 10 минуттан кем емес – 20 минут аралығында бейнефильм түсіру. 

Байқаудың үйлестірушісі Бақберген Асанбаев қатысушылар бейнефильмдерді 11 тамызға дейін ұсыну қажеттігін айтады. Байқаудың жүлделі орындарына тоқталсақ, бас жүлде – 500 000 теңге, 1 орын – 400 000 теңге, 2 орын – 300 000 теңге, 3 орын – 200 000 теңге. «Үздік актер» номинациясы – 100 мың теңге, «Үздік актриса» номинациясы – 100 000 теңге, Ынталандыру сыйлықтары – ноутбук 4 дана, арнайы статуэткалар.

Опубликовано в Қоғам

Қазақтың қызы болашақ ана ғана емес, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанатын, тәлім-тәрбиенің бастауы. Аруларымыздың бойына осындай қадір-қасиеттерді сіңіру мақсатында «Үкілі ару» байқауы өтті. Қатысушылар әдеттегідей сұлулығы мен өнерін ғана көрсеткен жоқ. Олар үй шаруасына ептілігін, өмірден түйгені мен көргенін көрсетуге тырысты.

ukili aru-34-2

Шараның тәрбиелік мәні зор болды. Алғаш рет өткізілген сайыста аруларымыз бар өнерін салды. Байқауда бақ сынаған қыздарға өңіріміздің ісмер аналары мен облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы Жәнібек Тағаев бағасын берді. Дегенмен жүлдегерді анықтау оңай болған жоқ. Көркем, сұлу, парасатты арулардың арасынан сарыағаштық Орынгүл Алмат бас жүлдені жеңіп алды. 

ukili aru

– Мен әжемнің тәрбиесін көріп өстім. Байқаудан үйренгенім, көңілге түйгенім көп болды. Қазақтың салт-дәстүрін бұрын да білетінмін, дайындық үстінде одан да терең бойлай түстім. Қыздардың бойындағы сыпайылық пен мейірімділік, іскерлігі мен тәрбиесі ерекше бағаланатындықтан бас жүлдені иеленгеніме қуаныштымын, – дейді Орынгүл Алмат. 

Бірінші орынды Түркістан қаласынан келген Гүлназым Сүйіндік жеңіп алса, екінші орынды қазығұрттық Гүлдана Ерменбай иеленді. Үшінші орынға Созақ ауданы қыздарының намысын қорғаған Іңкәр Анарбайқызы лайық деп танылды.

Опубликовано в Әлеумет

Мектеп оқушылары арасында «Шырайлы Шымкент»
тақырыбында эссе мен жобалардың республикалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Шырайлы Шымкент» атты (одан әрі Байқау) эссе мен жобалардың байқауының мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ретін, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.
1.2. Байқау Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтеді.
1.3. Байқаудың нысаны мектеп оқушыларының Шымкент туралы ойларын «Мен Шымкентті қалай көргім келеді?» атты тақырыбындағы эссе арқылы жазу болып табылады.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаты:
-мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау.
-Шымкент қаласының дамуын кеңінен насихаттау
2.2. Міндеттері:
- мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
- мектеп оқушыларына Шымкент қаласының тарихы мен жаңаша құндылықтарын кеңінен танытып,дамыту.

3. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

4. Байқауды өткізу және ұйымдастыру

4.1. Байқау материалдары қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.
4.2. Байқау материалдарында мыналар қамтылуға тиіс:
- эссе электронды және тез тігілетін папкаға салынған мәтіндік нұсқасы, әрбір парағы жеке файлдарға салынсын;
- сауалнама өтінімінде төменде көрсетілгендей, оқушының толық аты-жөні, білім алатын ұйымы, міндетті түрде көрсету керек.

Өтінім – сауалнама

Аты-жөні

 

(толық
аты-жөні құжат бойынша)

Аймақ

 

(облыс, қала/аудан, ауыл/елді-мекен)

Білім ордасы

 

( мектеп атауы)

Сыныбы

 

Байланыс деректері

 

(байланысуға болатын телефондар)

Жетекшісі туралы мәлімет

 

(толық аты-жөні, қай пән мұғалімі, телефоны)

 

 

 

 

 

 

4.3. Байқау үш кезеңнен тұрады бірінші кезең: 05.04.2017 – 15.05.2017ж дейін байқау материалдарын қабылдау.
екінші кезең: 15.05.2017 – 16.05.2017ж дейін байқаудың қорытындыларын шығару.
үшінші кезең:18.05.2016 – 20.05.2016ж Байқау жеңімпаздарының Шымкент қаласына келуі, жеңімпаздарды марапаттау.

ЕСКЕРТУ: Кешіктірілген жұмыстар, яғни 2017 жыл 15-мамыр 00.00ден кейін жіберілсе қабылданбайды.

4.4. Байқауға қатысу жарнасы тегін.
4.5. Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі байқауды дайындауға және өткізуді басшылыққа алады.
4.6. Байқау жұмыстары қағаз түрінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ОҚО, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі №67, 2 қабат, 2кабинет. Байланыс телефон: 8 775 665 94 91,8 705 323 29 70.
Байқау жұмыстарының электронды нұсқасы Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы арқылы қабылданады.

5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Эссе ресімдеуге қойылатын талаптар:
• жұмыс Microsoft Word мәтіндік өңдегіште орындалады (97-2010);
• шрифт Times New Roman, кегль 14, жоларалық интервал 1;
• барлық жиектері 2 см;
• ұзындығы бойынша тегістеу;
• көлемі 2 баспа беттен аспайтын А4 форматы.
5.2. Байқау материалдары талапқа сәйкес келмеген жағдайда байқау комиссиялары арқылы жұмыс байқаудан ескертусіз алынып тасталынады.
5.3. Эссе байқау тақырыбында сәйкес келуі керек.
5.4. Жұмыс автордың өзінікі болуы тиіс, яғни басқа авторлардың жұмысын ішінара немесе толық пайдалануға болмайды.
5.5. Байқаудағы жұмыстар автордың жеке көзқарасын дәріптеу қажет.
5.6. Автордың көзқарасы оның жеке өмірінен алынған және барлық қолданысқа ие болған ақпараттармен айғақталынып,аргументтелуі тиіс.
5.7. Эсседе, грамматикалық, синтаксистік және стильдік қателері болмауы қажет.
5.8. Эсседе көлемді қиындатылған мәтіндік грамматикалық құрылымдар болмауы қажет.
5.9. Эсседе көркем әдеби мәнер қолданылады: Стильдік пішін(эпитеты,гиперболалар және т.б.),соқпақтар (метафаролар,салыстырулар және т.б.)

6. Байқау материалдарын қорытындылау және марапаттау

6.1. Байқауға қатысушылардың материалдарын бағалауды құзырлы қазылар алқасының құрамына енетін әдіскерлер мен білім беру ұйымдарының педагогтары , БАҚ өкілдері жүзеге асырады.
6.2. Қазылар алқасының шешімі тиісті хаттамамен рәсімделеді.
6.3. Байқаудың жеңімпаздардына басты сыйлық - Шымкент қаласымен танысуға жолдама болып табылады, сонымен қатар жеңімпаздың жетекшісіне де шығындар төленеді (тек 1 ғана жетекшіге). Жеңімпаздардың темір жол шығындары,қонақ үй шығындары, тамақ, саяхат шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
6.4. Үздік деп танылған байқау жеңімпаздарының жұмысы облыстық БАҚ беттеріне жарияланады.

Аты-жөні

 

(толық
аты-жөні құжат бойынша)

Аймақ

 

(облыс, қала/аудан, ауыл/елді-мекен)

Білім ордасы

 

( мектеп атауы)

Сыныбы

 

Байланыс деректері

 

(байланысуға болатын телефондар)

Жетекшісі туралы мәлімет

 

(толық аты-жөні, қай пән мұғалімі, телефоны)

 

 

 

 

 

 

Опубликовано в Қала
Среда, 19 Апрель 2017 10:45

Жас өнертапқыштар

Таяуда мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жас ғалым» ғылыми жобасы мен «Жас қаламгер» шығармашылық байқауларының қорытындысы жарияланды.

Озық ойлы жас өнерпаздардың есімін әйгілеу, олардың оқу-танымдық ізденістерін одан әрі қалыптастыру мақсатында өткен шараға өңірдің белгілі ақын-жазушылары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

– ХХІ ғасыр – зияткерлік пен жаңашылдықтың дәуірі. Заман өзгерістерінен тыс қалмай, өзінің жаңа технологиялық жетістіктерімен ғаламды мойындату – бүгінгі жас ұрпақтың үлесіне тиген үлкен мүмкіндік. Осы орайда, біз 2014 жылдан бері ғылымға ден қойған жас шәкірттерді жүйелі түрде марапаттап отыруды дәстүрге айналдырып келеміз, – дейді «Жебе» баспа үйінің директоры, «Мектеп», «Жас ғалым» журналдары мен «Алтын ұя» газетінің бас редакторы Жарқынбек Төлтебай.

Байқау жеңімпаздары арнайы «Жас ғалым» және «Жас қаламгер» медальдарымен марапатталды. Марапат иелерімен бірге олардың ғылыми жетекшілеріне «Алғыс хат» табыс етілді.

Опубликовано в Әлеумет

Оңтүстіктегі «Арай» байқауы жылдан жылға тамырын тереңге жайып келеді. Бұл – жас әншінің өнерге қадам басуына үлкен мүмкіндік, болашақ жұлдыздардың бағын ашатын айтулы алаң.

FB IMG 1486824751844

Өнер бәйгесі бүгінге дейін А. Жорабаева, Б. Исаев, В. Ступин, М. Сәдуақасова, Т. Серіков, А. Жүнісбеков сынды талай талантты танытты. Биылғы облыстық опера және балет театрында өткен байқауға 36 үміткер қатысты. 

2017 жыл «Арайдың» нағыз кемелденген кезеңіндей. Өнер бәйгесі таланттардың жарқырай көруінуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Жыл сайын ән додасына осы толқынға бой түзегісі келетін жас әншілер қатысады. 2016 жылы байқауға 293 үміткер қатысуға ниет білдірсе, биыл олардың қатары 500-ден асты. Биылғы байқаудың ерекшелігі де бар. Өнер бәйгесіне үміткерлер тәлімгерлердің қатысуымен іріктеліп алынды. Сөйтіп шешуші сында 24 әнші, 12 іс-жүргізішісі бақ сынады. 

FB IMG 1486825740266

21-ші рет шымылдығын түрген ән додасына нағыз жүйріктерді анықтау қазылар алқасының мүшелеріне оңайға соқпады. 

– Жастармен бірге қобалжыдық. Нағыз талантты табу қиын болды. Үміткерлердің ешқайсысы да осал емес. Бірінен бірі өтеді. Өзіндік үні, әдемі дауысы бар. Шындығында бас жүлдеге де, бірінші орынға лайықты өнерпаздар көп. Ең бастысы, байқауға қатысып, ән айтқанның бәрі бақытты, – дейді қазылар алқасының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Шахизада Байбатжанова. 

FB IMG 1486825667908

Жобаның жетістігін жеңімпаздарымыз тағы да бір дәлелдеді. Бір қызығы, екі айналымда да жанды дауыста вокалдық топпен ән шырқаған Мағжан Әлтенбаевтың өнеріне көпшілік сүйсінді. Себебі, «Тенор» тобының әншісінің жетістіктері аз емес. Бұған дейін ол 2015 жылғы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық «Менің Қазақстаным» байқауының бас жүлдесін иеленген болатын. Сондай-ақ халықаралық ән байқауларында да жеңіспен оралып жүр. Ал Бәйдібек ауданынан келген үміткер Асан Садықов та болашағынан үміт күттіретін жас әнші. Ол кәсіби әншілер орындайтын «Мой город» әнін кең диапазонды дауысымен шырқап, көпшілікті тәнті етті. 

– Өнерпаздардан кенде емеспіз. «Арай» байқауының форматы бөлек, деңгейі жоғары. Біздің конкурсқа халықаралық фестиваль, бәйгелердің жеңімпаздары қатысып келеді. Бұл елдің назарын өзіне аударып, іле-шала із-түссіз жоғалатын шара емес. Ән додасында бақ сынаған жастардың болашағы бар деп ойлаймын, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов. 

FB IMG 1486825618662

Өңіріміздің аудан-қалаларынан үкілі үмітпен келген қатысушылардың арасында мақтаралдық Балжан Тағантұрдының бағы жанды. Жас әншінің шырқаған әні қазылар алқасынан өз бағасын алды. Сондай-ақ әншілер арасында шымкенттік Арай Серікханның (1 орын), Мағжан Әлтенбаевтың (2 орын), Бәйдібек ауданының үміткері – Асан Садықовтың (3 орын) орындаушылық шеберлігі жоғары бағаланды. Ал іс-шара жүргізушілері бойынша бас жүлде Берік 

Сабырға берілді. Бірінші орынды Шымкент қаласының қатысушысы Нұрсұлтан Дәуренбеков иеленсе, екінші орын белесінен Шымқаланың аруы Таңшолпан Имантаева көрінді. Ал, үшінші орын Сайрам ауданының үміткері Нұрлан Қылышбековке бұйырды. Өзге де қатысушылар арнайы жүлде және номинацияларға ие болды. Байқаудың соңы гала-концертке ұласты. Онда Шахизадамен қатар, Айжан Тәженова, Бейбарыс Серікбаев, Әлден Жақсыбеков сынды әншілер өнер көрсетті.

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 28 Декабрь 2016 05:49

Жайдарманның жеңімпаздары

Облыстық опера және балет театрында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты «жайдарман» ойыны мәреге жетті. Әзіл-сықақ аламанына 11 команда қатысып, бақ сынады.

kvn 2

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов атап өткеніндей, қазақстандықтар «Жайдарман» ойындарын тәуелсіздік алған жылдардан бері республикалық деңгейде тамашалап келеді. «Жайдарманшылар» саясат, мәдениет, жалпы мемлекет өміріндегі барлық бағыттағы жағдайларды әзіл арқылы сахнада көрсетіп жүр. Көрерменді әзілге қарық қылған әзіл-сықақ аламаны тартысты өтті. Шарада этнос өкілдері де құрамалар арасында өнер көрсетті. Көгілдір экран арқылы талайдың жүрегіне жол тартқан үздік командалар барын салды. 

Сайыс қорытындысында «11 пәтер» құрамасы жеңімпаз атанды. «Байдың балалары» 1-орынға лайық деп танылса, 3 орын «Жетісай» құрамасына бұйырды. Ал ынталандыру сыйлықтарына «Жасұлан», «Хэштэг», «Парасат», «Мирас» командалары ие болды.

Опубликовано в Мәдениет

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне  орай республикалық «Жайдарман» ойыны өтті.

15665696 1417748811568460 5665415383718322013 n

Облыс әкімінің жүлдесі үшін әзіл сайысына командалар республиканың түкпір-түкпірінен келіп қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткен шараның ерекшелігі көп. Құрамалардың барлығы жақсы дайындықпен келіп, жайдарман ойындары өте тартысты өтті. Жастар көпшілікті тартымды өнерімен тамсантты. Өткір әзілдерімен көрерменге ой салып, қошеметке бөленді.

15665696 1417748811568460 56654153383718322013 n

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынның 300 мың теңгелік сыйақысын жетісайлық «Сырдария» командасы жеңіп алды. Шымкенттік «Байдың балалары» командасы 2-орыннан көрінді. Бұл топ жас болса да, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген жігіттер. Сондықтан сайыс қорытындысында жеңіске кездейсоқ жетпегенін дәлелдеді. Ал талдықорғандық «Шапалақ» командасы үздік үштіктің қатарынан табылып, 100 мың теңгелік қаржылай сыйлыққа ие болды. Жарыс жеңімпаздарына кубокты өңір басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы табыс етті.

Опубликовано в Мәдениет

Қазақтың дастарханы халқымыздың пейілі сияқты кең. Үйіне келген қонақты құтқа балаған дархан мінезі ұсынған асынан-ақ аңғарылып тұрады. Қорасындағы соңғы қойын сойса да, біздің қазақ қазан көтеріп ет асады. Құдайы қонағын да құшақ жая қарсы алып, «бұйырған ас екен» деп барын алдына тосуы тек қазаққа тән қонақжайлылық.

DSC 5349

Әйтсе де, берекелі, мерекелі дастарханды қазақтан кем жаймайтын ұлт өкілдері бар. Олар – Қазақстанда туып, өсіп-өнген этнос өкілдері.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының «Оңтүстік» қабылдау үйінде «Қазақ дастарханы» атты фестивалін өтті. Фестиваль облыстағы 20 этномəдени бірлестік ет асудан сынға түсті. 

Мұндай іс-шара өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратəлі Қалмұратов бұл шараны дәстүрге айналдырсақ деген ойын жасырмады. 

20161111 114726

– Бүгінгі іс-шараға облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, «Аналар кеңесінің» құрамы, дін өкілдері мен белгілі спорт саңлақтары, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері, аудан, қала делегациялары мен БАҚ өкілдері қатысып отыр. Былтырғы ет асу сайысында ардагер абыздар төрелік жасаған болса, биыл екінші рет ұйымдастырылған фестивальда кәнігі мамандар, кәсіби аспазшылар қазылық жасайтын болады. 

Бір дастархан басында дөңгеленіп отырған дәмдес адамдардың достық қарым-қатынасы артады. Шараның мақсаты да сол, жеңімпазды анықтау емес, барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру. Елдегі ынтымақ пен татулықты нығайту, – деді ол.

«Қазақ дастарханы» дегенді қалай түсінетінін, 20 түрлі этнос өкілдері өз деңгейінде көрсете білді. Олардың ішінен үздігін анықтау да оңай емес. Дегенмен, қазылар алқасы дәмді аспен бірге қазақы салт-сананы да бойына сіңірген этнос өкілдерінің барлығын сый-құрметке лайық деп таныды.

DSC 5269

Этностар арасындағы ет асудың шеберін анықтауда төрелік жасаған Мархабат Байғұт астың атауына ерекше тоқталып өтті.

– Етті «Бешбармақ» деп атау қате ұғым. Өйткені, адамда екі ғана бармақ болады. Қазақтың дастарханы қандай кең болса, тілі де бай, әр саусақтың аты бар. Қонақты құрметтеу бізге тән болғанымен ұлттық астың атын өзгертіп, әр тілге бейімдей беруге де болмайды. «Ет асайық», «Ас дайын» дейміз біз. Сол «Ет асу», «Ас» деген дұрыс атауды қайта қалыптастыру қажет, – деді ол.

Тамаша асты тарту еткен этнос өкілдерінің арасында бас жүлдеге тағайындалған 200 000 теңгені иран этномәдени бірлестігі иемденді.

DSC 5249– Ет асудан бақ сынауға біз қашан да дайынбыз. Өйткені, осы елде туып-өстік. Үйімізде апта сайын ет асып жеуді біз де үрдіске айналдырғанбыз. Осыдан біраз бұрын Ирандағы туыстарыма қонаққа бардым. Оларда жеміс-жидекті, ас-ауқатты, әр тағамды бөлек-бөлек береді. Кейін олар бізге қонақ болып келгенде дәл бүгінгідей «қазақы дастарханымызды» жайдық. Сонда туыстарым молынан жайылған дастарханға қарап «ойпырмай, сен біздің үйде аш жүрген екенсің ғой» деп әзілдегені бар, – дейді этнобірлестік төрағасы Капар-Пур Нурсбек.

Елдегі ынтымақ пен татулық көрініс тапқан қазақы дастархан басында бас қосқан фестиваль қорытындысында І орынды ұйғыр этномәдени бірлестігі иеленіп, 150 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал «Ынтымақ» мәдени орталығы мен облыстық түрік этномәдени бірлестігіне жүлделі ІІ орын бұйырып, 100 000 теңгеден қаржылай сыйлықтарға ие болды. ІІІ орынға үш бірдей 80 мың теңге сыйақыны Қырғыз, өзбек, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері алды. Бұдан бөлек, фестивальға қатысып, белсенділік танытқан грузин, армян, неміс, қарақалпақ, шешен-ингуш, славян, корей, грек, күрді, тәжік сынды түрлі этнос өкілдері ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатымен» және 20 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Достық ниет пен мерекелік игі шарадан марқайып қайтқан қонақтардың қатарында Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де болды. Оларды биылдан бастап облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлығына алған болатын.

Опубликовано в Әлеумет

Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті. Биылғы фестиваль ел Тәуелсздігінің 25 жылдығына және облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Orginal: http://assembly.kz/sites/default/files/u47/img_3289_compressed.jpg

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңіріміздің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30 шақты түрін дайындап, шеберліктерін көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.

Опубликовано в Қоғам

Шымкент – өнерді ұлықтай білген қала. Дәстүрлі республикалық көңілді тапқырлар клубының кешіне жиналған елдегі таңдаулы құрамалар сахналық қойылымдарында осы ұғымды басты тақырып өзегі етті. «Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі» үшін өткен бұл жолғы ойындар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. «Түркістан» сарайындағы көрермендерін күлкімен көмкерген көңілді кешті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та тамашалады.

КТК ойындарын «Қазақстан КВН Одағының» президенті Есен Елеукен жүргзіп отырды. 

Әзілкештер сайысына Семей, Орал, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы қалалары мен Оңтүстік өңірдің Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларынан барлығы 11 команда қатысты. 

Сәлемдесу сынында кешегі сал-серілерден қалған «соңғы тұяқтың» рөлін сомдаған семейлік «Достар» тобының ойыншысы Олжас Тұрғалидың «Бұл өмірден не пайда, Шымкентте ғұмыр кешпесең...» – деп толғануы жиналған көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. 2 сағатқа созылған әзіл сайысында командалар ой ұтқырлығы мен қағытпа қалжыңның өзіндік үлгісін танытты.

– Бүгінде айтар әзіл-қалжыңың өткір де жарасымды, шынайы болмаса, көпшілікті таңғалдыру қиын. Заман талабына сай көрерменнің талғамы өзгерген. Адамдардың көбі әзіл-қалжың мен сатиралық шығармалардың мәнін, ерекшелігін түсіне бермейді. Сол себепті, мақтамен бауыздағандай, өмірде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды сатира арқылы, яғни ащы күлкімен жеткізуге тырысамыз, – дейді алматылық «Ханшайым» құрамасының жетекшісі Рысбала Мейрамханқызы.

Көрерменін күлкіге көміп, жанын жадыратқан жас өнерпаздар өнерін таразылау қазылар алқасына жүктелді. Нәтижесінде, әділқазылар шешімімен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ханшайым» командасы (300 мың теңге) қала әкімінің кубогын иеленді. Ал жүлделі І орынды (200 мың теңге) Шымкент қаласының «Байдың балалары» құрамасы жеңіп алса, ІІ орын Алматының «АТУ құрамасына» (150 мың теңге), ІІІ орын (100 мың теңге) Ақмола облысынан келген «Қорғалжын» құрама командасына бұйырды. Ерекше тартымдылығымен көзге түскен «ХҚТУ тарифі» жайдарман тобының ойыншысы Бекұлан Жолдықожа ойындағы «Үздік әзілкеш» номинациясына ие болды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жас таланттарды шыңдап, жаңа табыстарға ынталандырған көңілді тапқырлар кеші алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Опубликовано в Мәдениет
Страница 2 из 3