Зейнеп пен Аяулым – жеңімпаз!

Пятница, 30 Июль 2021 04:18 Автор
Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Чемпионатта шымкенттік Зейнеп Сұлтанбек (18 жасқа дейінгі қыздар арасында) пен Аяулым Қалдарова (14 жасқа дейінгі қыздар арасында) I орынды жеңіп алды.

Қоржында – үш қола

Среда, 28 Июль 2021 03:33 Автор
Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы тартысты өтуде. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында үш қоламен әзірге 46-шы орындамыз. Қазақстан олимпиадалық құрамасы Токио төріндегі байрақты бәсекеде 27 спорт түрінен бақ сынауда.
Бүгін Жапонияда ХХХІІ Олимпиада ойындары басталады Бүгін бүкіл әлемнің назары Жапонияға ауып тұр. Күншығыс елінде ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Әлемді жайлаған пандемияға байланысты Токио төрінде былтыр өтуі тиіс байрақты бәсеке бір жылға кейінге шегерілгені мәлім. Сонымен, бұл – әлемдік деңгейдегі төтенше жағдайға байланысты өтпей қалмай,…
Елімізде кәсіп істеймін деген адамға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек аз емес. Бір ұтымдысы, өз алдына кәсібін енді бастаймын дегендер қайтарымсыз грантқа ие болса, аз-кем тәжірибе жинақтағандарға шағын несие түрінде қолдау көрсетілуде. Мәселен, жас өнерпаз Мұқағали ӘБДІШӘРІП үшінші мегаполисте каскадерлық клубтың негізін қалау идеясын бизнес-жобаға…
Дубайда өткен Азия чемпионатында бокстан әйелдер арасындағы сында Қазақстан командасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастағаны белгілі. Үшінші мегаполистің атынан 81 килограмм салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Фариза Шалтай Азия чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті. Жеңімпаз боксшымен қала күні мерекесінің қарсаңында сұхабаттасудың сәті түсті.
Жас спортшылар жүрекжарды сөзін осылай білдірді   Шымкентте алғаш рет жасөспірімдер ауқымды спорт додасында бақ сынасты. Мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамытуды көздеген лиганың волейбол, баскетбол, футбол, шахматтан жеңімпаздары анықталды. Үш айға жалғасқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының салтанатты жабылуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Тартысты додада…
Әлемдік спорт кеңістігінде Еуропа құрлығының орыны бөлек. Еуропаны дүниежүзілік спорт саласының қуатты қозғаушы күші, локомотиві десе, жарасады. Кезінде сол Еуропаның жұлын-жотасындай болып, бүкіл күншығысын жауып жатқан Кеңес Одағы еді. Сол одақтан мойыны озық шыққан қазақ саңлақтары Еуропа төсін армансыз дүркіреткен жылдар қазір сағымға, сағынышқа айналды.
Мырзағали Айтжанов 2013, 2014 жылдардың қорытындысы бойынша дүние жүзінің екі мәрте ең үздік жаттықтырушысы, 2009-2018 жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері, әлем чемпиондары Қайрат Ералиев пен Біржан Жақыповтың, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевтің, әлем чемпионатының медалисі Сәкен Бибосыновтың және Азия чемпионы Бек…
Шымкентте жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл алғаш рет қала әкімінің кубогі үшін спорттық сайыс ұйымдастырылды. Қаладағы жүздеген мектептің оқушылары бұл біріншілікке ерекше ден қойып, ықылас танытып отыр. Оны спорт сайысында жүріп, жастардың жеңіске деген жігерінен байқадық.
Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан Республикасының «Унибой» әмбебап жекпе-жек федерациясы» РҚБ ұйымдастырған әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.