Қазіргі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Себебі, құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру мүмкін. Тек солай ғана неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.
Абай ауданы әкімінің аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жөніндегі жұмыстарды аппарат қызметкерлерінің атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болғаны жөн және де мұндай заң бұзушылыққа барғандар қатаң жазаға тартылатынын ескере отырып, жиналыстар, құқықтық оқулар, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, интернет ресурстары арқылы жарияланып тұрады.
Қазақстан – болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер мен жұмыстар атқаруымыз керек, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Д.Дауренбеков,
Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы