АДАМ ӘДЕПТІЛІГІМЕН ӘДЕМІ

Среда, 21 Сентябрь 2022 05:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 201 раз

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, өз отанына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

 

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Адамның сөз мәнері, іс-қимылы, әрекеті, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екенін байқатады. Адам басшысы - ақылы, жетекшісі - талап, қорғаны - сабыр, жолдасы - кәсіп, қорғайтын қорғаушысы - мінез, бәрін тәртіпке келтіретін - әдептілік. Халқымыз әр кезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған.
Көпшілік орындарда дауыс шығарып күлу, жасы үлкендерге, мүгедектерге, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, мобилді телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы да жағымсыз қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез-келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.
Жұмыстағы мінез-құлық этикасы бұл әріптестер, бәсекелестер арасындағы шынайы және тура қарым-қатынас.
Ұжым, оның әрбір мүшелері жеткен жетістікке қарағанда әлдеқайда зор табысқа жете алады. Жұмыс орнында қолайсыз, шиеленіскен жағдай тудыратын іс-әрекетке, ескертпе немесе басқа да мінез-құлыққа жол берілмеуі керек. Жұмыс орнында өз туысқаныңмен отбасындағы рөліне қарай емес қызметіне қарай қатынас жасауы тиіс.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.
Мемлекеттік қызметтегі әрбір азамат халқымыздың жалпы қабылданған рухани құндылықтар жүйесін сақтауымен қатар мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауды үнемі назарда ұстауы тиіс. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естеп жүрейік. Адам әрдайым бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, парасаттылығымен, мәдениеттілігімен әдемі.

М.Акишев,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі
уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Асқыну кезіндегі шұғыл көмек Қоғамдық тыңдау »