РУХАНИ ИГІЛІККЕ АЙНАЛҒАН ҚҰНДЫ МҰРА

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 356 раз

Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туылғанына - 125 жыл толуына орай №14 балалар кітапхана бөлімшесінде Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының қатысуымен «Асыл сөздің зергер шебері» атты әдеби кеш өткізілді.

 

Іс-шара барысында оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы көп мәлімет берілді. «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі арқылы сол кездегі әйел теңсіздігінің жоқтығы, адам құқығының аяққа тапталуы, әлсіз қорғаны жоқ халықтың күйін жан-жақты талқылады. Басты мақсат – кешегі мен бүгінгіні байланыстыра отырып, қаламгердің келешек ұрпақтарға қалдырған әдеби-рухани мұрасының өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін шығармаларының берері мол екенін жас ұрпаққа ұғындыру.
Оқырмандар да оқыған әңгімесі жайлы түйген ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Жазушы шығармалары қай кезде болмасын халықтың қажетіне жарап, рухани игілігіне айналған құнды мұра.

Ақмарал Чимкентбаева,
№14 балалар кітапханасының меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.