Хабарландыру

Среда, 16 Ноябрь 2022 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 585 раз

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

 

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/documents/details/370795?lang=kk ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.
Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/documents/details/370795?lang=kk көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, 4-қабат, №1307 кабинет.
Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
Байланыс телефондары: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 1- желтоқсанынан бастап, 15 желтоқсан жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).

Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациялық даму басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.