Сайлаудан балаларға базарлық

Воскресенье, 20 Ноябрь 2022 09:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 705 раз

WhatsApp Image 2022-11-20 at 15.45.53

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сайлау 20 қараша – Халықаралық сәбилер күні мерекесімен қатар келіп, балғындар үшін арнайы игі іс қолға алынды.

Қаладағы сайлау учаскелеріне балаларымен келген сайлаушылар олжалы болды. Солардың бірі — «Мирас» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Сапарұлы. Төлеген қария А. Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан №274 сайлау учаскесіне жұбайы Ұлбала апа мен егіздер — Айым, Бегімді ерте келіпті.

—Біз өз таңдауымызды жасадық, ал балаларымыз сыйлық алып мәз. Бүгін халықаралық сәбилер күні екен. Осы жерге келіп, естіп жатырмыз. Барша ата-аналарды қос мерекемен құттықтаймын! - деді қария.

Сонымен қатар, Төлеген қарияға шапан жауып, егіздерге ойыншық үлестірді.

Айта кетейік, №274 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы С.Юнусметовтің айтуынша, аталмыш учаскеге 2892 сайлаушы тіркелген. Оның 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.