Кеш барысында өңіріміздің төрт анасы атанған төрт ақын айтыстың ауылына алғаш келген сәттерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі өз өмірлерінен сыр шертіп, жылы да жарқын естеліктерімен бөлісті.
«Сөз қонған Оңтүстік өлкесінің» әз аналары бүгінде тұтас қазақ айтыс өнерінің мақтанышына айналған. Өнегелі өмірлерін айтыс өнерін өркендетуге арнаған қазақтың ақын қыздары кеш барысында ұлттық өнеріміз жайында да сөз қозғап, тағлымға толы айтыс өнерінің кейбір қызықтарын баян етті.
Ертеден қазақ ұғымымен етене келе жатқан айтыс өнері бүгінгі таңда қазақ халқының айқындаушы генетикалық коды саналады. Сондықтан да өнердің бұл бекзада үлгісінің өркен жая дамуына жылдан-жылға айрықша көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда елімізде республика көлемінде «Алтын домбыра», «Күміс домбыра» сынды айтыс аламандары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, өңір, аудан, ауылдарда да түрлі тақырыптардағы айтыстар жиі ұйымдастырылады.
Тұрсынбай ЕШІМОВ,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері