Ақын.Ана.Әже Избранное

Пятница, 27 Январь 2023 09:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1134 раз

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиялының бастамасымен Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Кәрима Оралова, Анар Жаппарқұлова сынды айтыс өнерінің жарқын өкілдері, мәдениет майталмандарының қатысуымен «Ақын.Ана.Әже» тақырыбында сыр-сұхбат кеші өтті.

61

 

Кеш барысында өңіріміздің төрт анасы атанған төрт ақын айтыстың ауылына алғаш келген сәттерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі өз өмірлерінен сыр шертіп, жылы да жарқын естеліктерімен бөлісті.
«Сөз қонған Оңтүстік өлкесінің» әз аналары бүгінде тұтас қазақ айтыс өнерінің мақтанышына айналған. Өнегелі өмірлерін айтыс өнерін өркендетуге арнаған қазақтың ақын қыздары кеш барысында ұлттық өнеріміз жайында да сөз қозғап, тағлымға толы айтыс өнерінің кейбір қызықтарын баян етті.
Ертеден қазақ ұғымымен етене келе жатқан айтыс өнері бүгінгі таңда қазақ халқының айқындаушы генетикалық коды саналады. Сондықтан да өнердің бұл бекзада үлгісінің өркен жая дамуына жылдан-жылға айрықша көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда елімізде республика көлемінде «Алтын домбыра», «Күміс домбыра» сынды айтыс аламандары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, өңір, аудан, ауылдарда да түрлі тақырыптардағы айтыстар жиі ұйымдастырылады.

Тұрсынбай ЕШІМОВ,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.