БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСЕ ШЕШУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛЫ

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 410 раз

Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасының кезекті қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Қаладағы №133 мектеп ғимаратында өткен іс-шарада бұл жолы Абай ауданы тұрғындарының өтініші тыңдалды.

 

Қоғамдық қабылдауда қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, түрлі саладағы мәселелерді шешу жолын қарастырды. Арнайы жұмыс тобы этносаралық келісім, әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу, денсаулық, білім, кәсіпкерлік, заң, тәртіп және қауіпсіздік секілді бағыттар бойынша қабылдау жүргізді.
Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған болатын. Көзделген мақсат – түрлі этнос өкілдері тығыз мекендеген аймақтардағы мәселені бейбіт жолмен, яғни қоғамдық қабылдау арқылы бірлесе шешу.