ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Среда, 11 Октябрь 2023 04:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 704 раз

Сыбайлас жемқорлық – халқымызға жат қасиет. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру еліміздің жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Себебі, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Осы себепті, біздің қоғамның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның басты міндеті екенін түсінуі қажет.

 

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Міне осындай жүйелі жұмыстар біздің ауданымызда да жан-жақты жүргізіліп келеді. Соның кейбіріне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.
Қаратау ауданы әкімі аппаратында - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында, бекітілген іс-шаралар жоспары бар.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты құқықтық сабақтар айына бір рет және қол қойылып таныстырылып өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қала әкімінің өкімімен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аудан әкімі аппараты ғимаратында тұрғындарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар баршаға көрінетіндей етіп орналастырылған, аудан әкімі аппаратының атқарған жұмыстары мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы ақпараттар, аппараттың интернет-ресурсында тұрақты жарияланып, аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желілердегі акаунттары арқылы тұрғандардың өтініштеріне дер кезінде жауап берілуде. «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық қақарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында құзырлы мекемелермен бірлесіп 2022-2023 жылдары 10 жиналыс, 7 дөңгелек үстел, 3 семинар ұйымдастырылса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аппарат қызметкерлерімен 112 құқықтық сабақтар өткізілді.
Аудан әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында байланыс нөмірлері көрсетіліп, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жүгінетін тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарына дер кезінде жауаптар берілуде. Жергілікті жерге шығуды қажет ететін мәселелер, мекенжайға бару арқылы шешілуде.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы өзгерту, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу бағытында, Қаратау ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің кіреберіс есіктеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы суреттер мен ескертпелер орналастырылуда.
2023 жылы Қаратау ауданы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында тұрғындарды қабылдауға қолайлы «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс жасауда. Онда бір мезетте бірнеше адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Аудан әкімінің орынбасарларының апта сайынғы кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдауда.
Қабылдаудағы жиі қойылатын сұрақтар: атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер, жол, су, көшені жарықтандыру, балалар ойын алаңшалары, қыс мезгіліне таяу жылу мәселелері. Ал, тазалық мәселелелері бойынша азаматтар жеке қабылдауға сирек келеді себебі, әлеуметтік желі қазіргі таңда бәріне қолайлы, қоқыстың шашылып жатқандығы туралы мекенжайын жазса жеткілікті және шұғыл түрде әрекет етеді.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Шын мәнінде жемқорлық-халқымызға жат қасиет. Сондықтанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі-осы кереғар құбылыспен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Ал барлық мемлекеттік органдарының мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым болып қала беретінін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі.Осы бір кереғар құбылыстың алдын алу, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытындағы жұмыстар ауданымызда алдағы уақытта да жүргізіле беретін болады.

Рахымберді МҮЛКЕМАНОВ,
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.