ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ, БОЛАШАҒЫ

Среда, 20 Март 2024 07:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 357 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты мақаласымен таныстым. Президенттің балалар мен жастардың денсаулығына қатысты көтерген мәселесі өте өзекті. Дәрігер ретінде әрбір берілген тапсырманың уақытында және дұрыс көтеріліп отырғанын атап өткім келеді.

atamm

 

 

 

Мемлекет басшысы «Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын.

Мен былтырғы Құрылтайда балалар мен жастардың денсаулығына, яғни тұтас ұлттың болашағына орасан зор зиян келтіріп жатқан «вейптердің» таралуына тосқауыл қою үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айттым. Қазір Парламентте вейптерді елге әкелген, оны өндірген және таратқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Бұл қадам бүгінде сәнге айналған осы бір қауіпті кеселдің таралуын едәуір шектеп, бетін қайтаратынына сенімдімін», – деп атап өтті. Елімізде «вейпке» қарсы бірқатар жұмыс жүргізіліп, шектеу қойыла бастады. Дегенмен, әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны абзал.

Құрылтайда ұлт саулығына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Оның бірі – көпшілік білгенімен, көп айтыла бермейтін насыбай ату мәселесі. «Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасалатыны – белгілі, ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, соның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Бұл – ұлт саулығына да, еліміздің абырой-беделіне де кесірін тигізетін әдет. Біз өркениетті ел боламыз десек, одан толық арылуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Біз денсаулық сақтау саласының қызметкерлері балалар мен жастардың денсаулығына, яғни тұтас ұлттың болашағына орасан зор зиян келтіріп жатқан «вейптердің» таралуына тосқауыл қою үшін атсалысамыз. Жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әр ата-ана бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі қажет.

Дені сау ұрпақ – ұлт байлығы, болашағы. Еліміздің ертеңі жарқын әрі кемел болғанын қаласақ, өскелең ұрпақтың зиянды әдеттерден аулақ болып, бар күш-жігерін білім-ғылымға бағыттап, отбасы құндылықтарын бойына сіңіріп өсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін біз қоғам болып, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарында кездесулер, жиындар ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізсек, нәтижеге жетеміз деген сенімдеміз.

 

Т.НИШАНБАЕВ,

Шымкент қалалық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

балалар дәрігері

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.