Оны egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізде "Мүлік" бөлімінен жүктеп алып көре аласыз. Мәліметтерді төменде көрсетілген мекенжайларда орналасқан өз дилерлік учаскеңізге немесе Орманов көшесі, 17 үйде орналасқан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қоғамдық қабылдау бөліміне ұсынуыңыз қажет. Қазіргі таңда Telegram чат-ботында тіркелген тұрғындар туралы мәліметтерді online режимінде қабылдау үшін арнайы әдіс-тәсіл әзірленуде. Оның іске қосылуы туралы ақпарат тұтынушыларға қосымша хабарланады. Анықтама телефондары: 8 (7252) 321-275; +77475860943; whatsapp: +77057581111, +77029711831.
Дилерлік учаскелердің мекенжайлары:
ЖЕКЕ СЕКТОР ҮШІН:
1)Қайнар бұлақ т/а, Қайнар бұлақ саяжай алабы, Асар-2 ш/а, Нұршуақ, Достық ш/а. Күншығыс оазисі бойынша - дилерлік учаске Сырым батыр көшесі, 1174 уч. мекенжайында орналасқан ("Высоковольт" аялдамасы, стоматология ғимараты). Анықтама телефоны: +77078709873.
2) Ынтымақ–1,2,3, Жаңатұрлан, Қызылжар, Жиделі аумағы бойынша дилерлік учаске келесі мекенжайда орналасқан: Жаңатұрлан елдімекені, Галицын көшесі, н/ү анықтама телефоны:+77027704433.
3) Жаңаталап, Игілік, Қосбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, бұрынғы қорғасын зауытының ауданы бойынша дилерлік учаске - Қалдаяқов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан. Анықтама телефоны: +77053242625.
4)Құрсай шағынауданы, 156 және 283 кварталдар, Жаңақұрылыс (Қарабастау), Ақтас және Ақжар, Забадам елдімекеніне қарасты дилерлік учаске - Забадам елдімекені, Б. Саттарханов көшесі, н/ү орналасқан (су қабылдағыш). Анықтама телефондары: +77754081806; +77075052636; +77084380242.
5) Самал-1,2,3 шағынауданы, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1,2, Нұртас, Достық-2 шағынаудандары, Бозарық елдімекені, Әл-Фараби ауданының және ішінара Тұран, Еңбекші, Қаратау аудандарының жеке секторының дилерлік учаскесі - Дулати көшесі 203а "Табыс" СҮ орналасқан. Анықтама телефондары: +77751450070 (Самал), +77011333895 (Бозарық, Еңбекші ауданы), +77025116175 (Әл-фараби ауданы).
6) Түркістан шағынауданы (бұрынғы БАМ), Тұлпар, Тельман бөлімшесіндегі жеке сектор, Тұран, Қайтпас шағынаудандары(ішінара). Дилерлік учаскесі - Дулати көшесі 203а "Табыс" СҮ орналасқан. Анықтама телефоны: +77021400504.
7) Пахтакор-1,2, Қызылсай, Тассай, Таскен, Солтүстік-Шығыс, Тараз шағынаудандары, 193 және 194 кварталдардың дилерлік учаскесі Әлімбетов көшесі 191 үйде орналасқан. Анықтама телефоны: +77054907008.
8) Оңтүстік шағынауданы(бұрынғы Чапаевка), Ворошиловка, Гидролизный, Қарабастау, Бадам-1,2, Жұлдыз, Жалын, Жастар, Жас дәурен, Қаратөбе тас жолы, Мұнай базасы аумағы, ішінара Ақназар хан көшесі және оған іргелес жатқан көшелердің дилерлік учаскесі Леңгір тас жолы н/ү, «Водозабор» аялдамасы. Анықтама телефондары: +77026166934; +77475861481.
Көпқабатты үйлер үшін:
1)Тұран-1,2, Нұрсат-1,2.3, Шымсити, 189-квартал, Күншығыс, 11-ші,12-ші,13-ші, 16-шы (ішінара), 15-ші (ішінара), Цемпоселок (ішінара) шағынаудандарының дилерлік учаскесі келесі мекенжайда орналасқан: Әлімбетов көшесі 191. Анықтама телефоны: +77017417959.
2) Солтүстік, Сайрам, Отырар (жоғарғы және төменгі), 18-ші, 17-ші, 16-шы (ішінара). Мангелдин, Асқаров, Гагарин, Қалдаяқов, Түркістан, Павлов, Пашанов, Исмаилов көшелері мен Республика даңғылында орналасқан үйлердің дилерлік учаскесі келесі мекенжайда: Рысқұлов және Шаяхметов көшелерінің қиылысы. Анықтама телефондары:+77028753184; +77757307133.
3) Спорт шағынауданы, 4-ші, 8-ші, 3-ші, 21-ші шағынаудандар, Короткий, Жангелдин, Молдағұлова, Әлімбетов, Желтоқсан, Байтұрсынов, Иляев көшелері мен Қонаев, Тәуке хан даңғылдары, Қабанбай батыр, Володарский, Григоренко, Алпысбаев, Быковский, Моторная көшелеріндегі үйлер 3-ші шағынауданда (№3 және №6 үйлер арасында) орналасқан дилерлік учаскеге қарайды.