Чернобыль құрбандарын еске алды Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 145 раз

26 сәуір —Чернобыль апатын халықаралық еске алу күні. Биыл атом электр станциясында орын алған апатқа 38 жыл толды. Сұрапыл апаттың зардаптарын жоюға Оңтүстік өңірден 2000-ға жуық адам қатысты. Бүгінде сол жауынгерлердің 300-ге жуығы ғана арамызда жүр. Осы апат куәгерлері Чернобыль ардагерлерінің аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, апат құрбандарын еске алды.

Shernobl

 

Еске алу іс-шарасына Чернобыль апатының, Ауған соғысының, Семей полигонының ардагерлері қатысты.
– Жыл сайын осы жерде Чернобыль АЭС-ында болған апаттың құрбандарын еске алу рәсімін өткіземіз. Кеңес үкіметінің 15 республикасынан аттанғандардың ішінде Оңтүстік өңірдің да сарбаздары бар. Бүгінде Оңтүстік өңірінде 300-ге жуық ардагеріміз қалып отыр. Бәріміз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып шықтық деп ойлаймын,—деді Чернобыль апатының ардагері, композитор Бағдат Алтаев.
Іс-шара барысында ардагерлерге қала әкімдігінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

А.Ермаханұлы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.