«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Среда, 28 Август 2024 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 213 раз

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық жерде «Мектепке жол» акциясы өтуде. Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері де бұл шарадан шетте қалмады. Осы акция аясында 10216 әскери бөлімінің командирі, полковник Орынбасар Жұбанов кіші сержант Мақсат Қуандықовтың үлкен отбасына барып, балаларға қажетті мектеп керек-жарақтарын, ойыншықтар мен тәттілерді табыс етті.

 

Мақсат Қуандықов 10216-А әскери бөлімінде бөлімше бастығы - жүргізуші лауазымын атқарады және он жылдан астам уақыттан бері Қарулы күштер қатарында қызмет етеді. Әйелі Майрамен бірге олар жеті бала тәрбиелеп отыр, олардың бесеуі мектеп жасында, ал кенже екеуі балабақшаға барады.
Бөлім командирі атап өткендей, мұндай акцияларға қатысу тек балаларға ғана емес, әскерилердің өздеріне де қанағат пен қуаныш әкеледі. Бұл күнделікті шаруалардан ойын ауыстырып, жігерлі де тәрбиелі жас ұрпақтың болашағын қалыптастыруға үлкен көмек болуы әбден мүмкін.
– Біз үшін әскери қызметшілерімізге қолдау көрсетіп, балаларды қажет сыйлықтармен қуанту үлкен бақыт. Шынында да, біздің қызметкерлер ата–аналардың балаларын мектепке дайындауына көмек көрсетуде әрдайым белсенділік таныта алады, – деп атап өтті 10216 әскери бөлімінің командирі полковник Орынбасар Жұбанов.
Кіші сержант Қуандықов үлгілі әскери қызметші және балаларына жақсы әке. Оның балалары жаңа оқу жылын және оқу мен өзін-өзі жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін асыға күтеді. Өйткені, мектеп – бұл білім алуға арналған орын ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттер мен мінезді қалыптастыруға арналған кеңістік.
Адамда әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін әскери дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді және мұндай әрекеттер болашақ ұрпақты игі істерге шабыттандырады. Әрбір сыйлық, әрбір күлімсіреу балаларға жақсылыққа деген сенім мен жарқын болашаққа деген үміт сыйлайды, яғни олардың «мектепке баратын жолы» білім мен мүмкіндіктер әлеміне қызықты жолдың бастауы болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.